Индонезияда круиз лайнері суға кетті: 13 адам іздестіріліп жатыр

Индонезияның Солтүстік Малуку провинциясында жолаушылары бар круиз лайнері суға батып кетті, - деп хабарлайды жергілікті басылым Heberler.com.

KM Cahaya Arafah кемесі 77 адамды тасымалдаған. Оның 64-ін құтқарып қалған, ал 13 адам әлі де іздестіріліп жатыр. 

Лайнер апатқа ұшыраған аймақта іздеу-құтқару шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кеме ауа райының қолайсыздығына байланысты суға батып кеткен. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда!