Индонезияда жолаушылар үшін COVID-19 анықтайтын жаңа тест шықты

Индонезияда жолаушылар үшін коронавирусты анықтайтын жаңа тест енгізіліп жатыр. Оның нәтижесі 3 минут ішінде шығады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

Индонезияда 1 сәуірден бастап ішкі саяхат үшін жолаушыларды тексерудің жаңа нұсқасы енгізіледі: бұл Индонезияның Гаджа Мада университеті (Universitas Gadjah Mada) жасаған GeNose тыныс алу тесті.

Тыныс алу принципі бойынша жұмыс істейтін жаңа өнім адам шығаратын ауада коронавирустың болуын, кем дегенде, 93 пайыз дәлдікпен көрсетеді, ол арнайы жабдықтың көмегімен талданады.

 

Әзірлеушілердің айтуынша, Genosse вирус жұқтырғаннан кейін 48 сағаттан соң адам ағзасындағы вирусты анықтай алады. Бүкіл тестілеу процесі 3 минутқа созылады. Бұл әдіс ауруханаларда, станционарларда немесе әуежайларда көптеген адамды тексеру үшін оңтайлы.

Талдау нәтижелерінің дәлдігін арттыру үшін Genosse тестінен 30 минут бұрын жолаушылар темекі шекпей, тамақ және сусын ішпегені абзал (тек су ішуге болады). Тест тапсыру кезінде азаматтар бетперде киюі тиіс.

Genosse сынағының артықшылығы - оның бағасы: 1,8-2 доллар, ал антигендерге экспресс-тест шамамен 17 доллар тұрады. Ал Индонезияда коронавирусқа ПТР-тест шамамен 62 доллар болады.

Жаңа тест әзірге тек ішкі жолаушыларға арналған.

Индонезия Үкіметінің айтуынша, сәуірден бастап саяхатшылар Бали мен Ява аралдарына барса, сондай-ақ елдің басқа аймақтарына ұшу, қалааралық немесе теңіз сапарлары кезінде GeNose тестін таңдай алады. Алайда, бұған дейін қолданылып келген ПТР-тест те сақталады. Екі әдісті де пайдалануға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!