Индонезияда әйел киімінде ұшаққа мінген жолаушы ұсталды

Индонезияда коронавирус жұқтырған жолаушы әйелінің киімін киіп ұшаққа мінгенде ұсталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

Саяхатшы Джакартадан Тернате аралына ұшуды жоспарлаған. Осыдан біраз уақыт бұрын ол ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болып шыққан. Ал әйелінің сынағы теріс болды. Сондықтан жолаушы оның денесі мен бетін жауып тұрған көйлегін киіп, құжаттарын, талдаудың теріс нәтижесі бар анықтаманы алып, жолға шығады.

Бортта ол киімін ауыстыру үшін дәретханаға кірген. Сол кезде оны бортсерік байқап, полицияға хабар береді.

Жолаушы ұшақ қонған соң әуежайда ұсталды. ПТР-тестін қайта тапсырғанда оның жұқтырғаны тағы расталды. Саяхатшы оқшауланды. Карантиннен кейін билік алаяқты жауапқа тартуға ниетті.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!