Индонезияда автобус апатынан 15 саяхатшы қаза тапты

Индонезияда Ява аралында автобус билбордқа құлап, 15 турист қайтыс болды және 16 жолаушы жарақат алды, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Жергілікті демалушыларды тасымалдайтын жүргізуші (көлікте 31 адам - туристер мен гид болған) таңертең жолда ұйықтап кетті деп болжанады. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алайда ауыр жарақат алған жүргізушіден әлі жауап алынған жоқ.

Зардап шеккендер төрт ауруханаға жіберілді. Басым бөлігінің аяқ-қолы сынған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!