Индонезия аралында жанартау атқылады: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Индонезияның аралдарының бірінде жанартау атқылай бастады. Таяу маңдағы ауылдардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ANTARA агенттігі Ұлттық жанартау және геологиялық қауіптің салдарын жеңілдету орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, бұл Сиау аралындағы Карангетанг жанартауы.

"Қауіпті аймақ ретінде Карангетанг жанартауының негізгі кратерінен 2,5 шақырым ралиуста жұмыстар істеуге тыйым салынады. Лава көшкіні болуы мүмкін, сол себепті жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланады", - деді дереккөз.

Әзірге лава ағыны бір шақырымға жеткен.

"Лава алты өзенге түсті: Батанг, Тимбеланг, Беха Барат, Наниту, Батуаванг және Кахетанг. Олар 1784 метр биіктіктен бастау алады. Тау бөктері тік орналасуына байланысты, лава лезде төмен сырғып жатыр", - деді сейсмологтар.

Желіде жанартаудың атқылаған сәтінде түсірілген кадрлар пайда болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!