Илон Маск, ғарышкерлер мен басқа да куәгерлер күн тұтылған сәттің кадрларын көрсетті

8 сәуірде кейбір ел тұрғындары күннің тұтылуын бақылады. Астана уақытымен 23:17-де Ай Күнді толығымен жапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Күн тұтылған кезеңді Мексика, Солтүстік Америка және Канада тұрғындары байқады. Күн тұтылған сәттің жартылай фазасы Солтүстік Америкада, сондай-ақ Батыс Еуропа мен Орталық Америкада көрінді.

Қазақстандықтар Күн тұтылуын көрген жоқ. Алайда, бұл құбылыс байқалған ел тұрғындары әлеуметтік желілерде бейнежазбаларын бөлісті.

Реклама
Реклама

Америкалық миллиардер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск та шет қалмады.

"Остинде Күн тұтылуын көру керемет. Бұл тек 27 жылдан кейін қайталанады", - деп жазды Маск.

Күннің тұтылу сәтін Жер орбитасынан бақылаған Халықаралық ғарыш станциясы мүшелері де көрсетті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!