Ибица мен Майорка жағажайларында туристерге темекі шегуге тыйым салынды

© pixabay.com/maxknoxvill

Испанияның Ибица, Майорка және Менорка аралдарының жағажайларында туристерге темекі шегуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Испанияның Ибица, Майорка және Менорка аралдарының жағажайларында туристерге темекі шегуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

Шектеу 28 жағалау аймақты қамтиды. Осылайша билік өкілдері құмдағы темекі тұқылын азайтып, демалушылардың денсаулығын жақсартуды және өз денсаулығын күтіп ұстайтын келушілерді көбірек тартпақ.

Реклама
Реклама

Осы абағдарламаға кіретін жағажайларда төртметрлік баннерлер орнатылған, онда темекі шегудің зияндылығы мен қосымша ақпарат алу үшін QR-код салынған.

Әзірге ереже бұзғандарға айыппұл қарастырылмаған, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная