Хорватия вакцина салдырған туристерге елге кіруге рұқсат етті

Фото: Рixabay.com

Хорватия билігі 1 сәуірден бастап елге вакцинацияны растайтын, соның ішінде ресейлік "Спутник V" препаратын салдырған азаматтарға елге кіруге рұқсат берді. Бұл туралы Хорватия ІІМ басшысы Давор Божинович айтты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хорватия билігі 1 сәуірден бастап елге вакцинацияны растайтын, соның ішінде ресейлік "Спутник V" препаратын салдырған азаматтарға елге кіруге рұқсат берді. Бұл туралы Хорватия ІІМ басшысы Давор Божинович айтты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Сәрсенбіде Хорватия билігінің коронавирус инфекциясымен күресу жөніндегі жаңа шаралары жарияланды. Ол 1 сәуірде күшіне енеді және 15 сәуірге дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

"Жаңа қабылданған өзгертулерден мыналарды атап өтейін. Еуропалық одаққа мүше елдер өзара мойындайтын жылдам антиген-тестілер елге кіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, вакцина салдырған немесе COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылғанын растау арқылы кіруге болады, ол 180 күнге жарамды болады", - деді ІІМ басшысы азаматтық қорғау ұлттық штабының брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная