© Shutterstock © Shutterstock

"Ханзада үшін қыршын кеткен екі ару". Грузиядағы Ақ Арагви мен Қара Арагви өзендерінің тоғысы


Грузияда табиғаттың осы бір тамашасын көруге болады, ол - екі өзеннің тоғысуы. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Aviata.kz сервисімен бірге табиғаттың осы таңғаларлық кереметі туралы баяндайды.

Ақ Арагви мен Қара Арагви аталған осы екі өзеннің тоғысы Пасанаури елді мекенінің маңында ағып жатыр. Екі өзеннің ағысы бір өзенге келіп құйса да, түстері өзгеріссіз қала береді.

Фото©Shutterstock

Ақ Арагви саз балшық пен әктастармен аққандықтан өзінің ақ түсін сақтаған. Ал екінші өзен қара түсті, себебі, қара жылтыр тастардың үстімен ағып жатыр. Тоғысу екі параллель сызықты құрайды. Тоғысқан жері айқын көрінеді, себебі, екі өзендегі минерал мөлшері екітүрлі. Өзендер қосылмайды.

Фото©Shutterstock

Төмен қарай екі өзен құйған жерге Пшавтық Арагви де құяды. Бұл өзеннің түсі әдетте, жасыл-көк болып келеді.

Арагви сөзі грузин тілінен "тез, жылдам" деп аударылады. Барлық Арагвидің жалпы ұзындығы (Ақ, Қара және Пшавтық Арагвимен қоса) - 112 шақырым. Арагви Грузияның басты және ең ірі өзендерінің бірі - Кураның саласы болып келеді. Ол Түркиядан бастау алады, Грузиядан өтеді және Әзірбайжанда аяқталып, Каспий теңізіне құяды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Твой рыболовный гид (@eklev.ru)

Михаил Лермонтовтың "Мцыри" поэмасы

Арагви ағысының төменгі жағында Грузияның ежелгі астанасы Мцхета орналасқан. Осы қаланың маңында Арагви Кура саласына құяды. Михаил Лермонтов "Мцыри" поэмасында былай деп жазды: "Там, где, сливаются, шумят, обнявшись будто две сестры, струи Арагви и Куры". Мұнда Джвари шіркеуі туралы айтады, осы шіркеуде "На смерть поэта" өлеңі үшін Кавказға жер аударылған Лермонтов болған. "Из-за горы и нынче видит пешеход столбы обрушенных ворот, и башни, и церковный свод…" - деп сипаттайды ақын.

Грузияға жер аударылған Лермонтов мұнда көптеген көркем шығармаларын жазды. Соның бірі - "Развалины на берегу Арагвы в Грузии" пейзажы. Сурет қарындашпен салынған. Өзендердің тоғысқан жеріне жақын Лермонтовқа ескерткіш қойылған.

Фото: commons.wikimedia.org/wiki

Александр Пушкин де өз туындыларында Арагви өзені туралы жазған:

На холмах Грузии лежит ночная мгла;
Шумит Арагва предо мною.
Мне грустно и легко; печаль моя светла;
Печаль моя полна тобою,
Тобой, одной тобой... Унынья моего
Ничто не мучит, не тревожит,
И сердце вновь горит и любит - оттого,
Что не любить оно не может. 

Джвари шіркеуінің негізі қалануын 605 жылдан 642 жылға дейінгі аралыққа жатқызады. Грузин тілінен Джвари "крест" деп аударылады. Аңыз бойынша, дәл осы тауда біздің дәуіріміздің III-IV ғасырларында өмір сүрген Грузияның діни ағартушысы Әулие Нино ел шоқыну рәсімінен өткеннен кейін алғашқы ғибадат крестін орнатқан екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TravelerGirl (@traveler_girl_s)

Шіркеу әлі күнге дейін жұмыс істейді, үлкен мерекелерде мұнда діни іс-шаралар өткізіледі.


Храм Джвари. Фото©Динара Муратова

Джвари төртбұрышқа жазылған крест түрінде жасалған, үстіне күмбез салынған. Ғибадатхананың биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Ғибадатханада мүсіндік бедер мен ою-өрнектер, сондай-ақ барельефтерде Джвари салумен айналысқан мемлекет қайраткерлерінің бейнелері сақталған. Ғибадатхананың ішінде Әулие Нино кресті орнатылған тұғыр бар. Қабырғалар бірнеше суреттермен және кресттермен безендірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olga Ivashchuk (@efico.odessa)

Осы Мцхетада Грузияның ең ежелгі Светицховели шіркеуі сақталған. Бұл ғасырлар бойы елдің христиандық орталығы болды, оның орнында алғашқы ағаш шіркеу IV ғасырда пайда болды, оны Патша III Мириан салған, ол Әулие Ниноның кеңесімен христиан дінін қабылдаған. Шіркеудің қазіргі құрылысы 1010 мен 1029 жылдар аралығында салынған.


Храм Светицховели. © Динара Муратова

Жергілікті салт-дәстүрлер жайлы

Арагви өзенінің жағасында тұратын адамдарды хевсурлер деп атайды. Бұрын олар крестпен өрнектелген кілем матасына ұқсас, жүннен тігілген ерекше киімдер киген екен. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер хевсурлерді крестшілердің ұрпақтары деп болжайды. Хевсурлер - Шығыс Грузия, Хевсурети биік таулы аймағындағы грузиндердің этнографикалық тобы. XIX ғасырға дейін бұл ұлт Грузияның солтүстік шекараларын Cолтүстік кавказдық таулық ұлттардан қорғап келген. Хевсурлер негізінен егіншілікпен және ірі қара мүйізді мал өсірумен айналысқан. Хевсурлер батылдығымен, тәкаппар және асау мінездерімен ерекшеленеді. Этникалық топтың атауы "шатқал тұрғындары" деген мағынаны білдіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gürcüstan Vetenimiz ?? (@_.gurcustanim._)

Арагви өзенінің бойында калмахи тағамын өте дәмді дайындайды дейді. Бұл ыстық шоқта немесе табаға пісірілген форель балығы. Пасанаури - Ақ Арагви жағасындағы шағын ауыл. Мұнда алғаш рет хинкали жасалған.

Фото©Shutterstock

Арагви өзендері жайлы аңыздар

Аңыз бойынша тауда екі апалы-сіңлілі қыздар тұрған екен. Біреуі - алтын шашты ару болса, екіншісі - қою қара шашты сұлу болған екен. Екеуі де ханзадаға есі кете ғашық болыпты. Ханзада әйелдікке алтын шашты сұлуды алыпты. Екінші ару жар басында көз жасын көл қылыпты, оның жасынан Қара Арагви өзені пайда болған екен. Қыз осы суға батып, бақилық болыпты. Сіңлісінің қайтыс болғанын естіп, алтын шашты ару қатты қайғырыпты. Ол жардың қарсы жағында отырып, көз жасын көл етіпті. Оның көз жасынан Ақ Арагви өзені пайда болып, ол да суға батып қайтыс болған. Сосын Пасанаури маңында екі өзен тоғысқан екен.

Енді бір аңыз бойынша, екі өзеннің арасында орналасқан тауды сол қайғыға себепші болған ханзаданың өзі екен деседі. Тағы бір аңызда ханзада екі арудың өліміне қатты қайғырып, үшінші өзен - Пшавтық Арагвиге айналған деседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Фотограф Тбилиси Грузия ?? (@olga_slusareva)

Сонымен қатар, егер екі өзеннің тоғысқан жеріне тас лақтырып, тілек тілесеңіз, міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Бірақ осы ырымды гидтер өздері ойлап шығарған деп те айтады. Көптеген туристер мұнда тас лақтырып, тілек тілеп, табиғаттың осынау бір кереметін тамашалауға келеді.

Бұл жерге танымал адамдар да келіп тұрады. Арагви өзенін танымал тележүргізуші Анфиса Чехова да Грузияға сапарында тамашалауға келген. Ол Арагви өзенінің аясында грузиндік джаз әншісі Нино Катамадзенің әніне ырғақты би түсірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anfisa Chekhova (@achekhova)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ????????? (@regina__25)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ольга Гурова (@olga_gurova22)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bryusha Chizhikov (@bryusha_chizhikov)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ruslan Chanidze (@ruslan_chanidze)

"Арагви" атауы қонақүйлер мен мейрамханаларға да берілген. Бір мейрамхана Мәскеудегі Тверь алаңында орналасқан. Оның негізі 1938 жылы қаланған. "Арагви" КСРО қайраткерлерінің, ғалымдар мен спортшылардың баратын танымал жері болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нугзар Небиеридзе Хашурский (@nugzar_nebieridze)

"Арагви" КСРО астанасындағы алғашқы грузин мейрамханасы болған деп есептеледі. Ол кеңес көшбасшысы Лаврентий Берияның бастамасымен салынған. Сол кезде Берия Грузияда мемлекеттік істермен айналысып, ауыл шаруашылығын көтерді. "Арагвидің" өнімдерді тікелей осы елден жеткізуі кездейсоқ емес. "Арагвиде" Лаврентий Берияның жеке кабинеті болған. Кабинетінің кішкентай балконынан ол келушілерді бақылап отырған.

Қызықты дерек

Әлемде осындай екі түсті қос өзеннің тоғысу жағдайлары көптеп кездеседі. Қытайда олар Цзялин мен Янцзы, Алакнанда мен Бхагиратхи Үндістанда, Рио-Негро мен Солимойнс Бразилияда, Рон және Арв Швейцарияда. Ресейде мұндай өзендер Тобыл мен Ертіс. Дунай бірнеше өзенмен Хорватиядағы Драва, сонымен қатар, Германиядағы Ильц және Инн өзендерімен тоғысады. Қазақстанда да осындай тоғысатын өзендер бар.

Қалай жетуге болады?

Сіз Қазақстаннан Грузияға Нұр-Сұлтан - Тбилиси және Алматы - Тбилиси рейстерімен жете аласыз. Билеттің бағасы билетті сатып алу уақытына және категориясына байланысты. Тбилисиден Мцхетаға көлікпен 20-30 минутта жетуге болады. Грузия астанасы мен Мцхета арасындағы қашықтық небәрі 25 шақырым.

Тбилисидегі Дидубе метро станциясының жанында автобекет бар, ол жерден шағын автобустар тәулігіне 15-20 минут сайын қатынайды. Билеттің бағасы шамамен - 300 теңге.

© Shutterstock

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.


Осыған ұқсас мақалалар

АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Шымбұлақ директоры жаңа маусымда курорт неге қымбаттағанын түсіндірді Шымбұлақ директоры жаңа маусымда курорт неге қымбаттағанын түсіндірді
Тайваньда романтикалық рейстер іске қосылады Тайваньда романтикалық рейстер іске қосылады