Халықаралық туризмнің 16 пайызын алатын демалыс түрі аталды

Бүкіләлемдік туристтік ұйым жуырда жариялаған есепте тау туризмі жалпы халықаралық туризмнің 9-дан 16 пайызын алатынын көрсетті. 2019 жылы тауда демалушылар саны 195-тен 375 миллионға дейін жеткен екен, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Есепте 1,1 миллиард адам таулы аймақта тұратыны және олардың көпшілігі әлемдегі ең кедей және оқшауланған тұрғындар болып келетіні көрсетілген.

2019 жылы әлемдегі "ең таулы елдерге" халықаралық туризмнің 8 пайзы барып қайтқаны айтылды. Бұл едер:

  • Бутан
  • Непал
  • Тәжікстан
  • Қырғызстан
  • Лесото
  • Андорра
  • Ауғанстан
  • Чили
  • Қитай
  • Армения

Ресми туристтік ұйымдар мәліметінше, тауда демалушылар санын есептеу осы секторды дамытуға бағытталған үлкен қадам болып келеді. Өз кезегінде тау туризмі жергілікті тұрғындар табысын арттырып, олардың табиғи ресурстары мен мәдениетін сақтауға септеседі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!