Хабиб Нурмагомедов. Фото: twitter.com/ufc Хабиб Нурмагомедов. Фото: twitter.com/ufc

Хабиб Нурмагомедов Түркияның қонақүй бизнесіне инвестиция салады


Аралас жекпе-жектен әлемге әйгілі ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Анталияның басты курорттық провинциясына келіп, қонақүй бизнесіне инвестициялар туралы келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.

Нурмагомедов құрылыс фирмасының шақыруымен келген. Бұл туралы өзі Аланиядағы баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап бергенде айтты. "Анадолу" агенттігінің мәліметінше, инвестор-спортшы Каргыджак ауданында жүзеге асырылатын тұрғынүй ислам қонақүйінің құрылысын аралады.

Оның айтуынша, инвестициялық ниеттерден басқа, Түркия оған "екінші" үй ретінде қызықты. Ол Аланияда жиі демалады. Боксшы осы жерде өзі үшін үй салуға шешім қабылдады.

"Болашақ қонақүй шынымен әдемі. Ол маған өте ұнайды. Мен көптеген жерді аралап, түрлі идеяны көрдім, бірақ бұл ерекше. Бұл мұсылмандар үшін жақсы жоба", - деп түсіндірді Нурмагомедов басылымға.

Ол Аланияға инвестиция салатынын айтқан.

"Мен мұнда ақша саламын және менің жеке пәтерім болады. Мен Түркияға келгенде Аланияда қалғым келеді", - деді ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Канар аралдарында жанартау туризмі жанданды: адам көп, орын жоқ Канар аралдарында жанартау туризмі жанданды: адам көп, орын жоқ
Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей әуе рейстері ашылады Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей әуе рейстері ашылады
Еңбек сіңірген ұшқыштар ең сенімді жолаушылар ұшағын атады Еңбек сіңірген ұшқыштар ең сенімді жолаушылар ұшағын атады