Грузияға кірудің жаңа ережелері белгілі болды

Грузияға кірудің жаңа ережелері белгілі болды. 5 шілдеден бастап барлық турист теріс ПТР-тестін ұсынуы керек. Бұл туралы Грузия елшілігінің Facebook парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы. 

Елшілік мәлімдемесіне сәйкес, саяхатшы вакцина салдырған ба, жоқ па - оған қарамастан, Грузияға кіру үшін ол ұшуға дейін 72 сағат бұрын жасалған теріс ПТР-тестін ұсынуы керек.

Қазақстандықтар осы жазда қай елдерде демала алады

Таяуда қазақстандық лоукостер FlyArystan Шымкенттен грузиялық Кутаисиге тікелей рейс ашатынын жариялады. Рейстер аптасына 2 рет - сәрсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады. Әуетасымалдаушы компанияның мәліметінше, билет бағасы 29 999 теңгеден басталады. Бұл сомаға бір бағытта ұшу және бес келіден аспайтын көлемі 56*23*36 сантиметр болатын қолжүгі кіреді.

FlyArystan сонымен қатар Қазақстанның басқа үш қаласынан - Нұр-сұлтан, Ақтау, Атыраудан Кутаисиге ұшуды жүзеге асырады. Кутаисиге сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Семей қалаларынан ұшуға болады, бірақ ауысып отырумен бірге билет құны да аздап өзгереді. 

Айта кетейік, 15 мамырдан бастап Air Astana Алматыдан Батумиге қатынайтын жаңа рейсті іске қосты. Енді әр дүйсенбі, сәрсенбі мен сенбі сайын Airbus A320 ұшағында Батумиге сапарлап баруға мүмкіндік бар. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.