Грузия қазақстандықтарға ашылды. Коронавирустың әсерінен демалыс қалай өзгерді?

Грузия - табиғаты керемет, хош иісті шарабы бар, әуезді ән мен бидің мекені. Пандемияға байланысты ел шекаралары 2020 жылдың наурызынан бастап жабық болды. Бірақ 16 наурыздан бастап Алматыдан Тбилисиге тұрақты рейстер ашылды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Грузияның қай бағыттары туристер үшін қолайлы болатыны, сондай-ақ бір жылдан кейін бұл елде демалыс қалай өзгергені туралы баяндайды.

Грузияда қандай мекемелер жұмыс істейді және қандай шектеулер бар?

Грузия билігі 2020 жылдың қараша айында қатаң шектеулер енгізді, сол кезде күн сайын 3,5-нан 5 мыңға дейін ауырғандар анықталды. Бірақ біртіндеп эпидемияға қатысты жағдай жақсарып, 24 ақпанда бүкіл Грузия бойынша карантин талаптары жеңілдеді, сөйтіп кейбір елдің туристері үшін алыс сапарлар мен ашық әуе кеңістігі ашылды.

Грузияда 8 наурыздан бастап мейрамханалар және жазғы террассалар жұмыс істей бастады. Сіз дәмі тіл үйірер хинкали мен бір тостаған шараптың дәмін қатаң шектеулерге қарамастан тата аласыз: адам саны төрттен аспауы керек, үстелдер арасындағы екі метр арақашықтық сақталуы тиіс.

Үкімет мекемелерге түнгі уақытта жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесін қарастыруда. Алайда, бұл мәселе жақын арада шешілмейтіні анық. Өйткені, кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейін елде коменданттық сағат әлі сақталған. Оны бұзғаны үшін айыппұл - 2 000 лари (250 294 теңге).

Грузияда демалыс күндері де карантин бар. Сондықтан жұмыс күндері ашық болған мекемелер демалыс күндері жабық болады. Сонымен қатар базарлар, дүкендер мен сауда орталықтары туристерді жұмыс күндері мен демалыс күндері қабылдай алады.

Тбилисилік гид Светлана Гусеваның әңгімесінше, ұзақ карантин жарияланғаннан кейін жазғы террассалардағы мейрамханалар мен кафелерге жұмыс істеуге рұқсат етілген алғашқы күні Тбилисиде қар жауып кеткен. Бұл қала климатына мүлдем тән емес еді. Интернетте осыған байланысты көптеген әзіл пайда болды. Пайдаланушылардың бірі фотосын "Қар жауғанына қарамастан локдауннан әбден шаршап, фраппеден бас тартпаған адам" деп жазған.

Қонақүйлер мен жатақханалар да қонақ күтуге дайындала бастағандары анық. Шипажайлар, шарап зауыттары мен ғибадатханаларға күндізгі саяхаттар туристер үшін ашық.

Қалалардағы қоғамдық көліктер ақпан айынан бастап жұмысын қалпына келтірді. Грузияда такси де жұмыс істейді, бірақ салонда жолаушылар санына шектеу қойылған, бір көлікте екі адамнан аспауы тиіс.

Қалалар арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтірілді. Алайда, бұқаралық іс-шаралар әлі өткізілмейді, көпшіліктің жиналуына да тыйым салынған. Сондықтан, жергілікті гидтің айтуы бойынша туристер тек шағын топтармен тасымалданады.


© Shutterstock

Тау шаңғысы курорттары қыс мезгілінде туристерді қабылдамады. Мұнда қонақүйлер, шаңғы трассалары және аспалы жолдар жабылды. Алайда, 25 ақпаннан бастап билік тау шаңғысы курорттарында қонақүйлерді қайта ашты. Ал 8 наурыздан бастап арқан жолдар мен көтергіштер ашылды.

Грузияда шаңғы маусымы әдетте наурыз-сәуір айларына дейін созылады. Сондықтан өкінішке қарай тау шаңғысы курортына бару мүмкіндігі жоқ.

Жалпы, елде фитнес орталықтар, спорт залдары мен театрлар 15 наурыздан бастап жұмыс істей бастады. Тбилисидегі туристер арасында танымал ұлттық саябақтар, ойын-сауық орталықтары, моншалар мен курорттық кешендер де барлық санитарлық нормаға сәйкес жұмысын қалпына келтірді.

Елде бетперде кию тәртібі бар. Көшеде, көлікте және үй-жайларда барлық тұрғын мен туристер бетперде киюі керек. Бетперде тәртібін бұзғаны үшін айыппұл - 20 лари (2500 теңге).

Пандемиядан кейін Грузияда қайда демалуға болады?

Сванети - Тбилисиден сегіз сағаттық жерде орналасқан, елдің батыс бөлігінде орналасқан Грузияның биік таулы аймағы. Тау шыңдары, мөлдір жартастар, бекініс-мұнаралар саяхатшылар мен тау спортының әуесқойларын ежелден-ақ қызықтырып келеді. Аймақтың орталығы - Местия қаласы. Оған жақын жерде Хацвали және Тетнулди тау-шаңғы курорттары орналасқан.

National Geographic журналы биік таулы Грузия аймағы Сванетиді 2021 жылы пандемиядан кейінгі кезеңде туристер келуі керек әлемдегі ең жақсы 25 орынның бірі деп атады.

Мұндағы тау шаңғысы курорттарында дамыған инфрақұрылым мен заманауи көтергіштер бар. Соқпақ жолдар бар, жергілікті көрініс сұлулығымен таңғалдырады. Жолдар туристерге жеті ай бойы - қарашадан мамырға дейін ашық.

Пандемия кезінде демалуға болар тамаша орын - Боржоми. Ол Грузияның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 800-850 метр биіктікте орналасқан. Курорт биік таулар және ну орманмен қоршалған. Біріншіден, Боржоми бальнеологиялық курорт ретінде танымал.

Жергілікті минералды су әртүрлі аурудың алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Археологтар бұл аймақтан ежелгі уақытта ем ретінде қолданылған тас моншаларын да тапты. XIX ғасырда минералды су шығаратын алғашқы зауыт Боржомиде ұйымдастырылды.


© Shutterstock 

Боржоми ел астанасынан 150 шақырым жерде орналасқан. Ол жерге таксимен де, қоғамдық көліктермен де жетуге болады. Қалада туристердің көңілінен шығар үш шипажай бар. Бағалары мен шарттарын мына жерден таба аласыз.

Таңғажайып Кахетия Грузияның шығысында, Иори мен Алазани өзендерінің жоғарғы ағысында орналасқан. Мұндағы табиғат ерекше және алуан түрлі. Мысалы, Алазани алқабы өзінің жүзімдіктерімен танымал. Гомбор жотасының оңтүстік беткейлері мен Иори өзенінің аңғары бар Иори үстірті де осы жерде орналасқан.


© Shutterstock 

Бұл аймақ тек жоғары сапалы шараппен ғана емес, сонымен қатар тарихи көрнекті жерлерімен де танымал. Ежелгі ғибадатханалар (Икалто, Жаңа және Ескі Шуамта, Бодбе), бекіністер (Греми, Хорнабуджи), сарқырамалары бар ұлттық саябақтар әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қызықтырмай қоймайды.

Туристерге ұсынылатын бірнеше күндік саяхатта Кахетидегі көптеген шарап зауыттарын, шіркеулер мен әдемі жерлерді аралауға болады. Сондай-ақ, туристер бірнеше күн бойы көптеген ауыл мен қаланы аралап, керемет табиғат көріністерін тамашалайды. Пандемиядан кейін таза ауа, жақсы шарап, әдемі пейзаждар мен жағымды ауа райы жанға рахат сыйлары анық.

Кахети аймағы "шараптың алтын бесігі" деп аталады. Мұнда туристер шарап терапиясын (энотерапия) ала алады. СПА орталықтарында термалды сумен ванна ұсынылады, оған қызыл шарап қосады, жүзім тұқымының майларымен массаж жасайды, шарап материалдарымен қабығын тазалайды, сондай-ақ жүзім целлюлозасы мен жапырақтарымен орайды.

Шарап курорттары Грузияның басқа аймақтарында да бар. Оларда ортақ бір нәрсе - тиімділігін мыңжылдықтарда дәлелдеген жергілікті грузин өнімдерін ғана пайдаланады.

Тбилиси - Кавказдағы ең көркем қалалардың бірі. Тбилисидің ескі ауданы туристерді таңдандырады. Тас пен саздан салынған ғимараттар мұнда орта ғасыр атмосферасын сыйлайды. Бұл қала сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіруге және энергияңызды толықтыруға өте ыңғайлы. Өйткені, ол серуендеуге арналған. Мұнда серуендей жүріп, сіз ежелгі Сиони шіркеуін, ортағасырлық Метехи мен Анчисхати шіркеулерін және Нарикала бекінісін тамашалай аласыз.


© Shutterstock  

Тбилиси, сонымен қата,р күкірт ванналарымен танымал, онда сізге демалуға, денсаулықты жақсартуға мүмкіндік болады. Күкіртті су микробтарды жояды және теріге, орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, сүйектер мен бұлшықеттерге жақсы әсер етеді.

Моншалар Абанотубани аймағында орналасқан. Мұнда олардың саны 10-нан асады, олардың кейбірінің жеке кабиналары бар. Бағасы 40 лариден (шамамен 5000 теңге) бастап, 500 лари (63000 теңге) дейін жетеді. Жалпы бөлмеге билет арзан. Тбилисидегі моншалардың біріне бармас бұрын, қолданыстағы шектеулерді тексеріп алыңыз.

Батуми - Грузияның Қара теңіз жағалауындағы танымал курорттық қалаларының бірі. Батуми жағажайынан басқа, Сарпи, Гонио, Цихисдзири, Мыс Верде және Кобулети жағажайлары бар, олар ұмытылмас демалыс сыйлайды.


© Shutterstock  

Теңіз ауасы тыныс алу жолдарына өте пайдалы, әрі қан айналымын жақсартады. Жағажай маусымы мамыр айының басында басталады, сіз теңізде жүзіп, күнге қыздырына аласыз.

Туристерге қандай талаптар қойылады?

Саяхат алдында жаңа кіру ережелері мен карантиндік шектеулерді білу маңызды. Грузия 1 наурыздан бастап Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Украина, Ресей, Беларуссия, ЕО елдері мен Парсы шығанағының бірнеше елдерінің азаматтары үшін әуе шекараларын ашты.

Сонымен бірге, осы елдердің туристері ПЦР-тестінің теріс нәтижесі бар сертификатын көрсетуі керек (72 сағаттан кешіктірмей). Шекара қызметінің ұсынысы бойынша тест нәтижелері ағылшын тілінде болуы керек.

Сондай-ақ, сіз вакцинацияның екі кезеңінен өткеніңіз туралы куәлікпен кез-келген елден Грузияға ұша аласыз.


© Shutterstock 

Келгеннен кейінгі үшінші күні туристер Грузия аумағында сілтеме арқылы көрсетілген зертханаларда тағы бір сынақтан өту керек. Нәтижелерді елден шыққанға дейін сақтау ұсынылады.

Турист Грузиядан шыққан кезде, ПТР-сынағының сертификаты әуежайда үшінші күннен бастап тексеріледі. Егер сертификат болмаса және сіз тестілеуден өтпеген болсаңыз, сізге 2000 лир айыппұл төлеуге тура келеді.

Тағы бір жағымды жаңалық бар: Грузияға ПТР сертификатымен немесе вакцинацияның толық курсын қабылдағанын растайтын құжатпен келетін турист карантиннен босатылады. Яғни, келгеннен кейін жағажайлар мен мейрамханаларға бара беруге болады.


© Shutterstock 

Грузиядағы туристік компаниялар көптеген шектеуден айтарлықтай зардап шекті. Билік жағдайды бақылауға алып, қажет болған жағдайда шектеулерді алып тастап отырды. Алайда тыйымдардың бір бөлігі алынып тасталуы мүмкін, ал кейбіреулері қайтадан күшіне енуі мүмкін. Сондықтан сапарға шығар алдында қолданыстағы ережелерді мұқият тексеріп алыңыз.

Пандемияда Грузияға қалай жетуге болады

1 ақпаннан бастап Грузия барлық тұрақты рейсті қалпына келтірді. Алматыдан 16 наурыздан бастап Тбилисиге тұрақты рейстер ашылды. Барлығы аптасына үш рейс жоспарланған - сейсенбі, жұма және жексенбі.


© Shutterstock 

Сондай-ақ, қазақстандық туристер Нұр-Сұлтаннан немесе Алматыдан Тбилисиге Дубай, Минск немесе Ыстамбул арқылы чартерлік рейстермен жете алады. Мұндай бір бағыттағы билет бағасы 129 мың теңгеден басталады.

Құрлықтағы шекара жабық күйінде қалады, көлікпен жету мүмкін емес.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.