Грекия қазақстандықтар үшін тікелей рейстері бар жаңа бағыт болып табылады. Ежелгі тарихы мен ескерткіштерінен басқа, бұл ел тамаша демалыс орындарымен ерекшеленеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Грециядағы ең жақсы жағажайлар жайлы баяндайды.
Жерорта теңізінің климаты жыл бойы шуақты күндердің көптігімен және жыл он екі ай жылы суымен ерекшеленеді. Қазақстаннан тікелей рейстер жүзеге асырылатын Салоникиде климат жұмсақ, жазда ауа температурасы 19-30 градусқа дейін көтеріледі. Тамыз айына дейін су 25 градусқа дейін барады және желтоқсанға дейін жылы болады.
Салоники - үлкен жүк порты бар қала, әрі сұлу жағажайлары да көп. Бұған дейін осы қала Қазақстаннан тікелей әуе қатынасын ашатын бағыт ретінде қарастырылды. Алайда кейінірек Грецияның басқа қаласына рейс ашылғаны жайлы ақпарат пайда болды.
TheCultureTrip, Greeka, Travel-boo және Tripadvisor рейтингтеріне сәйкес, Агиа Триада курорт жағажайлары арасында көш бастап тұр. Бұл жағажай Салоники орталығынан 30 минуттық қашықтықта орналасқан. Көпшілігі бұл жағажайға күннің батысын тамашалау үшін келеді. Су көгілдір түстен алтын түске айналған кезде күннің батып бара жатқан бейнесі ерекше әдемі болып көрінеді. Агиа Триада "Көк жалау" халықаралық сыйлығымен марапатталды, бұл халықаралық марапат суы жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін және жүзуге қауіпсіз жағажайлар мен теңіз жағалауларына беріледі. Мұнда жайлы демалу үшін сусыма құм, мөлдір су және жағажай жабдықтары бар. Бір шақырымдық жағажайда дәмханалар мен барлар орналасқан. Бұл сонымен қатар танымал сноркелинг орны болып табылады.
Публикация от Miranda Cook (@miricook1)
Миханьондағы Перея мен Неа да Салоникидегі ең әдемі жағажайлардың бірі болып саналады.
Эпаноми - Салоникиден ең алыс орналасқан үлкен жағажай. Туристер қаладан келетін болса, көбіне көлік жалдайды. Ол жаққа өз бетімен жету өте қиын. Мұнда гольф алаңдары бар. Жағажайды жүзімдіктер қоршап тұр, барлар мен мейрамханаларда жергілікті шарап – эпаномидің дәмін татып көруге болады. Жағажайдың көрікті жері - өткен ғасырдың 70-ші жылдары суға батып кеткен кеме қалдықтарының су бетіне жартылай шығып жатуы.
Салоникидегі жағажайлар қоғамдық орын болып табылады және кіру тегін. Шезлонг, қолшатыр, матрастар жалға беріледі және бір заттың бағасы шамамен 7-10 еуро (3,3-4,8 мың теңге) тұрады. Дегенмен, туристердің пайдасына ерекше жағдайлар бар. Кейбір жағажайларда қажетті жабдық тек таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін ақылы. Ал кейбір жерде оларды пайдалану үшін жағажайдағы бардан тағам немесе сусын сатып алу қажет.
Қазақстанның екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ираклионға рейс 1 маусымнан бастап ашылды. Қала үлкен, айналасы нағыз жағажай демалысы үшін таптырмас жер.
Ең танымал жағажайлардың бірі және AllinCrete, Cretevillas4u, Greeka рейтингтерінің көшбасшысы - Агия Пелагия. Жағажай Ираклионнан 25 шақырым жерде, көркем шығанақта орналасқан. Балалары бар отбасылар үшін өте қолайлы, сноркелинг үшін қолайлы тынық теңіз. Мұнда қолшатырлар мен шезлонгтар бар, сонымен қатар катамарандарды жалға алуға болады.
Жағажайда бірінен соң бірі таверналар орналасқан, жақын жерде көптеген дүкендер, интернет-кафе, банкоматтар және көлікті жалға беру агенттіктері бар. Көптеген шағын кадәмханалар мен барлар бар, бірақ үлкен клубтар жоқ, сондықтан түнде біршама тыныш. Агия Пелагия амфитеатр түрінде салынған, қонақүйлердің көпшілігінен теңіздің әдемі көрінісі ашылады. Эгей теңізінің көп бөлігінде қиындық туғызатын қатты жел жоқ. Сондықтан демалыс күндері жағажай Крит тұрғындарына толы десе болады.
Ираклион аймағындағы танымал туристік жағажайларға Матала, Амудара және Малия жатады.
1 мамырдан бастап Грекияға кіру үшін ПТР сынағынығ теріс нәтижесі бар анықтама немесе коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация сертификаты талап етілмейді.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.