Грекиялық Orange2Fly чартерлік әуекомпаниясының бортсерігі ұшақ салонында суретке түсіп, желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл сурет әлем бойынша әуе саласындағы мамандардың өмірі жайлы жазатын @flight__love (Instagram-аккаунт) парақшасында жарияланды.
Желіде жарияланған осы суретте бортсерік қыз ұшақ салонында жұмыс киімімен түскен. Сонымен қатар, ол жолаушыларға тамақ таситын арбаның үстінде отыр.
Қолданушылар жарыса пікір жазып жатыр. "Не деген ұзын аяқ", "Қандай керемет", "Киім үлгісі өте әдемі", "Таңғажайып", Кербез әрі өте тартымды", "Ерекше тартымдылығы бар стюардесса", "Бұл қызбен қайда болсын ұшып барар ем", - деп жазды олар.
Публикация от aviation love (@flight___love)