Грекиядағы өрт Ежелгі Олимпияға жетті

5 тамызда Пелопоннес түбегіндегі Ежелгі Олимпиядан туристерді жаппай эвакуациялау басталды. Жергілікті тұрғындар да қауіпсіз жерге жеткізілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Грекияда өрт Олимпиада ойындары пайда болған және жыл сайын жүздеген мың турист келетін аңызға айналған жерге жақындады.

Өрт сөндірушілер ежелгі Олимпияны арнайы арықтармен қоршап, мәдени мұра объектілерін қорғау үшін барлық құралды қолданып жатыр. Алайда, 5 тамызға қараған түні жағдай нашарлады. Өрт соншалықты жақын болғандықтан, кейбір археологиялық кешендерде өрт сөндіру қондырғылары - су бұрқақтар автомат түрде іске қосылды.

Илия аймағының бас директорының орынбасары Василис Яннополустың айтуынша, Халықаралық олимпиада академиясының жанында жағдай қауіпті. Қолда бар барлық ресурсты: өрт сөндіру машиналарын, тікұшақтар мен ұшақтарды тарту арқылы ауқымды өртті ауыздықтауға мүмкіндік туды.

Грекия билігі орман өрттерін тарататын жел күшінің тез төмендеуінен үміттенеді және оларды сөндіруге жаңа күштерді тартып жатыр. Пелопоннестің батысындағы негізгі жолдар толық жабылды. Жағдай қиындаса, Ежелгі Олимпияға жақын ауылдардың тұрғындары эвакуацияланады. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!