Грекияда өрт салдарынан зардап шеккен туристер тегін демалады

Грекия үкіметі өрт салдарынан демалысын үзуге тура келген туристерге келер жылы тегін демалыс ұсынады. Бұл туралы елдің үкімет басшысы Кириакос Мицотакис ұлыбританиялық ITV телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грекия үкіметі өрт салдарынан демалысын үзуге тура келген туристерге келер жылы тегін демалыс ұсынады. Бұл туралы елдің үкімет басшысы Кириакос Мицотакис ұлыбританиялық ITV телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Меймандарға ыңғайсыздық туғызғанымызды білемін. Алайда Родос қонақжай мекен. Арал қалыпты жағдайға оралды. Ал өрт салдарынан демалысын үзуге мәжбүр болған туристерге Грекия үкіметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе келер жылдың көктемінде және келесі күзде Родоста бір апталық тегін демалыс ұсынады", - деді Мицотакис.

Негізінен Ұлыбританиядан келген саяхатшылар эвакуацияланған екен.

Реклама
Реклама

"Грекия қауіпсіз және барлығы да қалыпты жұмыс істеп тұр. Барлығыңызды Родосқа шақырамын", - деді ол.

Родоста орман өрті 18 шілдеде басталды, соның салдарынан 20 мыңнан аса адам эвакуацияланды, көбісі туристер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная