Грекияда жер сілкінді

Грекияның Эвбея аралында 5,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Еуропалық-Жерортатеңізі сейсмологиялық орталыққа (EMSC) сілтеме жасап.

Жер сілкінісі сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша 12:24-те тіркелген. Жер асты дүмпулерінің ошағы Халкида қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде болған. Эпицентірі екі шақырым тереңде болған.

Ел астанасы Афина қаласының тұрғындары жер сілкінісінен терезелер шытынағанын хабарлаған. Алайда зардап шеккендер немесе ғимараттардың қирағаны туралы хабарлама түспеген.

Айта кетейік, өткен айда Крит аралында жойқын жер сілкінісі тіркелген, оны Каир тұрғындары да сезген.