Грекияда жалпыұлттық карантин жарияланды

© REUTERS/Alkis Konstantinidis

Грекия үш аптаға жалпыұлттық карантин жариялады, - деп хабарлайды Reuters

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грекия үш аптаға жалпыұлттық карантин жариялады, - деп хабарлайды Reuters

Ел үкіметі осы аптада науқастар саны күрт өскеннен кейін коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында қайтадан үш аптаға карантин жариялады. 

Реклама
Реклама

"Соңғы амал жалпыұлттық карантин жариялау болғанына қарамастан осындай шешім қабылдауды жөн көрдім", - деді премьер-министр Кириакос Мицотакис. 

Оның айтуынша, карантин жарияланбаса елдің денсаулық сақтау жүйесіне ауыр тиюі мүмкін. 

7 қарашада күшіне енетін жаңа шектеулер бойынша, супермаркет пен дәріханадан басқа сауда нүктелері жабылады. Ел тұрғындарына сыртқа белгілі бір уақытқа шығу үшін рұқсат қағазы қажет. Келесі аптадан бастап Грекияға келетін ұшақ жолаушылары коронавирусты анықтайтын тест тапсырып, оның нәтижесі теріс болуы керек.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная