Грекия жаз маусымын толық ашуды жоспарлап отыр

2021 жылғы жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Грекия министрі Харис Теохарис (Harry Theoharis) грек туризмі үшін ең үлкен әлеуеті бар елдерге іскерлік тур өткізді. Сол кезде шетелдік туристер үшін қандай шаралар қолданылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Басқа елдерден келген саяхатшылар үшін грек шекараларын 14 мамырда ашу жоспарланған. Оған дейін 7 күндік карантин күшінде қалады. 

Турист елге кіру үшін вакцина салдырғаны туралы сертификатты, оның ішінде ресейлік "Спутник V" вакцинасын немесе коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін (келгенге дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған) көрсету керек. Коронавирусқа қарсы антигенге жедел тестерді барлық туристен емес, ішінен іріктеп тестілеуі мүмкін. Жылдам талдау нәтижесі 10 минуттан кейін дайын болады.

COVID-19 жұқтырған жолаушылар әуежайдан бақылау орнына тікелей жіберіледі. Обсерваториялық қонақүйлер шекаралардың жанында орналасады және олардың қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны алдын ала салдырады.

Туристер мен оның отбасы мүшелері мұндай обсерваториялық қонақүйде тегін қала алады. Егер олар ауырып қалған туысымен бірге болғысы келсе, мемлекет барлық шығынды өз мойнына алады.

Карантиннің ұзақтығы әлі белгісіз. Ол былтыр болған екі апталық карантиннен аз болуы мүмкін.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.