Грекия әуежайлары жаңартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: АТОР Фото: АТОР

Грекияда негізгі өңірлік әуежайларды жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.


Грекияда негізгі өңірлік әуежайларды жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.

Грекияда 2017 жылы басталған әуежайларды жаңғырту бағдарламасының бірінші кезеңі қорытындыланды. Елдегі 14 әуежайды басқаратын Fraport Greece компаниясы 2021 жылғы маусым басталғанда бес әуежайдың: Салоникиде, сондай-ақ Корфу, Кефалония, Кос және Лесбос аралдарында жаңартылғанын хабарлады. Инвестиция көлемі 440 миллион еуроны құрады.

Инвестицияның көп бөлігі Салоникидегі әуежайды жаңартуға жұмсалды: оның ауданы 34 мың шаршы метрге ұлғайтылды. Енді Грекияның көлемі жағынан үлкен екінші қаласында елдегі ең үлкен жолаушылар терминалы бар.

Fraport жоспары бойынша, "Македония" әуежайы 2026 жылға қарай маршруттардың қуаттылығы мен географиясын кеңейту есебінен жылына 10 миллионнан аса жолаушыға қызмет көрсететін болады. Бұл 2019 жылға дейінгі пандемиямен салыстырғанда 48 пайыз артық.

Сондай-ақ, Кос (+24 мың шаршы метр) және Санторини (+ 13 мың шаршы метр) аралдарындағы әуежайлардың ауданы едәуір ұлғайды.

Fraport жаңғыртқан бес әуежайдың барлығы жаңа ұшу-қону жолақтарымен, пандустарға арналған алаңдармен, өрт сөндіру станцияларымен, жолжүкті өңдеудің және қауіпсіздіктің заманауи жүйелерімен жабдықталған.

Тіркеу бағандары мен қонуға шығу жолдары көбейді, жолжүкті беру аймағы мен ұшу алдындағы тексеруден өткеннен кейін күту залдарының ауданы кеңейтілді. Дәмханалар мен дүкендер көбейді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel