Гонконгта 6 миллиард долларға салынған суасты туннелі ашылды

Гонконгта жаңа суасты туннелі ашылды - бұл мегаполистегі төртеудің ең ұзыны әрі ең тереңі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Гонконгтың көлік департаментіне сілтеме жасап. 

"5,5 шақырымға созылған туннель теңіз акваториясы арқылы Гонконгтың жаңа аумағындағы Тунмун ауданын Чеклапкок халықаралық әуежай аумағындағы Лантао аралын байланыстырады. Сондай-ақ мұнда 2018 жылы ашылған Гонконг - Макао - Чжухай ірі көпіріне шығатын жол бар", - делінген Қытайдың арнайы әкімшілік ауданының көлік департаменті таратқан хабарламада.  

Сурет Гонконгтың көлік департаментінен

Жаңа жол теңіз түбінен 60 метр тереңдікте салынған. Туннель салу үшін 17,6 метр диаметрі бар арнайы бұрғылау техникасы іске қосылған. 

Туннельді салу үшін 6,1 миллиард доллар жұмсалған, ал оның құрылысына 7 жылдан аса уақыт кеткен. Осы жолмен жүру тегін болады екен. 

Айта кетейік, бұл Гонконгта бұрғылау әдісімен салынға алғашқы туннель. Басқа үшеуі Виктория бұғазының түбінде қалау әдісімен салынған болатын.