Гонконг билігі әлем туристеріне 500 мың тегін әуебилетін таратады

Гонконг билігі өңірге шетелдік туристерді тарту үшін тегін әуебилеттерді таратады. Мұндай ақпарат Гонконг халықаралық әуежайының ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Барлық ковид шектеулері алынғаннан кейін танымал азиялық елге туристерді қайтару үшін жергілікті үкімет 2023 жылы 500 мың жолақы құжаттарын ойнатады. Наурызда Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін, сәуірде - Қытай үшін, ал мамырда Солтүстік-Шығыс Азия елдері мен басқа да мемлекеттің азаматтары үшін билеттер сарапқа салынады.

Туристерді Гонконгтың Cathay Pacific флагмандық әуекомпаниясы, HK Express лоукостері және Hongkong Airlines жеке тасымалдаушы тасымалдайды. Осы ұтыс ойынына қатысу үшін Гонконг әуежайының немесе әуекомпаниялардың сайтында тіркелу қажет.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!