Гималайда үш күн бойы көмек күткен альпинистер құтқарылды

Фото: x.com/WEBDesignerxDev

Гималайда үш күн тамақсыз қалған ұлыбританиялық альпинист пен оның америкалық серігі құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гималайда үш күн тамақсыз қалған ұлыбританиялық альпинист пен оның америкалық серігі құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

37 жастағы Фэй Мэннерс пен 31 жастағы Мишель Дворак Үндістанның солтүстігіндегі Чаукхамба тауына шығып бара жатқанда, бейсенбіде SOS хабарламасын жіберген. Олардан басқа хабар болмаған.

Тәжірибелі альпинист Мэннерс жергілікті биліктен серігімен бірге шыңға шығуға рұқсат сұраған. Олар жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де Чаукхамбадан оңтүстік-шығысқа қарай 21 миль жерде орналасқан Джошимат қаласындағы тікұшақ алаңына Үндістан әуе күштерінің тікұшағымен жеткізілді.

Реклама
Реклама

Кейінірек тауда тас құлап, әйелдерді сайға сүйреп кеткені белгілі болды. Олар шатыр мен альпинистік құрал-жабдықтарын жоғалтып алған.

"Сөмкені шығарып жатқанбыз, ол [Дворак] сөмкесін өзі ұстап тұған. Содан тас құлап, басқа сөмке тұрған арқанды кесіп кетті, содан ол төменге құлап кетті", - деді Мэннерс жергілікті журналистерге.

Жексенбіде Үндістанның табиғи апаттарды басқару агенттігінің қызметкері екі әйелдің шамамен 6000 метр биіктен табылғанын айтты.

"Екі альпинист те қауіпсіздікте, бірақ қатты шаршаған көрінеді", - деді агенттік өкілі.

Үндістанның Ians ақпарат агенттігі мәліметінше, құтқару 80 сағатқа созылған, оған әуе күштері мен армия қатысты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама