Гид турситерді құтақарып қалды: аюдың шабуылы виеоға түсіп қалды

Аляскада туристер тобының саяхаты қайғылы жағдайда аяқтала жаздады, абырой болғанда жол көрсетуші гидтің батылдығы мен кәсіпқойлығы адамдарды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты Outdoorlife басылымына сілтеме жасап

Scenic Bear Viewing туристік компаниясы Алясканың оңтүстік-батысындағы Катмай және Лейк-Кларк ұлттық паркіне саяхат ұйымдастырумен айналысады.

Компания турситердің кезекті тобын табиғат аясында жүрген қара аюды көруге болатын ауданға апарады. Ұйымдастырушылар сөзінше, кейінгі 30 жылда бұл жерде жануарлардың адамға шабуылы бірде-бір рет тіркелмеген. Ал бұл жолы не дұрыс болмағанын компания өкілдері айтпай отыр.

Видеодан су жағасында кетіп бара жатқан екі аюды көруге болады. Олар фотосуретке түсіріп жүрген бір топ адамға еш қызығушылық танытпағандай көрінеді, алайда бір мезетте жыртқыштардың бірі адамдарға қарай тап береді.

Осы кезде гид "қарсы шабуылға" шықпағанда не болары белгісіз еді. Бір топ турист гидке демеу болып, айқайға басады. Жыртқыш мұндайды күтпеген болса керек...

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Scenic Bear Viewing (@scenicbearviewing)

"Аюға жолауға болмайды. Міндетті түрде тәжірибелі гидке ерген жөн. Біз аңдарға 45 метрден жақын бармаймыз. Бұл аюлар бізге өздері келді. Шабуылға шыққан аюдан қашуға болмайды. Олар инстинткті түрде қуалай жөнеледі", - дейді саяхатты ұымдастырушылар.

Бұл мекенде адамдар аюларға тамақ тастамайды және оларды ауламайды екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!