Германиялық туристер бес жұлдызды қонақүйді сотқа берді

Фото: pixabay.com

Германиядан келген жас жұбайлар Маврикийде бал айын өткізді. Кейін туристер елдегі бес жұлдызды қонақүйді төсегі тар болғаны үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германиядан келген жас жұбайлар Маврикийде бал айын өткізді. Кейін туристер елдегі бес жұлдызды қонақүйді төсегі тар болғаны үшін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл туралы Ганновер аудандық соты мәлімдеген.

Жас жұбайлар бөлмелеріндегі төсектің ені бар-жоғы 140 сантиметр болғанына шағымданды. Олардың пікірінше, бес жұлдызды қонақүйде әр қонаққа 70 сантиметрден асатын орын ұсынылуы қажет. Саяхатшылар бал айы ойдағыдай өтпегенін айтып, қапаланды.

Реклама
Реклама

Сот ерлі-зайыптылардың арыз-шағымын қарастырып, оң шешім қабылдады. Сот қонақүй бес жұлдызды болғанымен, іс жүзінде қонақтарға тиісті жағдай жасамағанын алға тартты. Сөйтіп туристерге өтемақы тағайындалды. Тар төсекке жатуға мәжбүр болған жас жұбайларға 734,60 еуро төленді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная