Германияда шаш қиюға алғашқы жазылым аукционда 422 еуроға сатылды

Германияның Байройт қаласының тұрғыны 422 еуро(шамамен 213,6 мың теңге) төлеп, шаш қиюға жазылған. Бұл рекорд көрсеткіш. Айта кетейік, бұл елде шаштараздар 2020 жылдың желтоқсанында жабылған болатын, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметіне қарағанда, Германияда косметикалық орталықтар, массаж, спа-салондар мен шаштараздар 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап жабық. Бұл елдегі коронавирус пандемиясының екінші толқынымен күресу үшін 2 қарашада енгізілген шектеулер. Олар 1 наурызда ашылады.

"Байройт тұрғыны шаштараз Андреас Нуиссль карантин ашылғаннан кейінгі шаш қиюға алғашқы жазбасын Ebay алаңы арқылы аукционмен сатуды ұйғарған. Нуиссль хабарландыруды 10 ақпанда жариялады, ал соңғы ұсыныс 20 ақпанда Михаэль Хопфтен түсті - 422 еуро", - деп жазылған порталда. 

Нуиссльдің айтуынша, бұл ақшаны Германияда және бүкіл әлемде балаларға көмек көрсету жобаларымен айналысатын екі қоғамдық ұйымға жұмсайды.

Ол 21 ақпанда әлеуметтік желілерде аукцион жабылғанын жазса. Қосымша 1310 еуро қайырымдыққа жиналғаны да хабарланды. 

"Мен наурызда қоғамдық ұйымдарға қаражат жинау науқанын жалғастырамын", - деді ол Facebook-те.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!