Германияда локдаун ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @REUTERS Фото @REUTERS

Германия билігі елдегі карантин шараларын 7 наурызға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Германия билігі елдегі карантин шараларын 7 наурызға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Бұл туралы ГФР канцлері Ангела Меркельдің федерал жер басшыларымен кездесуінен кейін қабылданған қаулыда айтылған.

"Канцлер мен федерал жер премьер-министрлерінің қолданыстағы шешімдері, егер бұл қаулыда қандай да бір өзгеріс болмаса, әлі де күшін сақтайды. Жер билігі олардың бұйрығын тиісті түрде бейімдеп, карантин шараларын 7 наурызға дейін ұзартады", - делінген қаулыда.

Басылым мәліметінше, 1 наурыздан бастап санитарлық-гигиеналық ережелер сақталған жағдайда шаштараздар жұмыс істей бастайды. Мектептерді ашу мәселесін федерал жер басшылары шешеді.

Биліктегілер атпа ішінде 100 мың адамға есептегенде коронавирус жұқтырғандар саны 35-тен төмен болса локдаун жеңілдейтінін атап өтті. Ол кезде саудагерлер жұмысқа шығып, музейлер мен басқа мекемелер ашылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel