Германияда локдаун тағы ұзартылды

© REUTERS

Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды. Алайда кейбір шектеу жеңілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды. Алайда кейбір шектеу жеңілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешімді Германия канцлері Ангела Меркель мен 16 федерал аймақ басшысы 3 наурызда өткен кездесуде шығарды.

"Кейбір шектеу 8 наурыздан бастап алып тасталады. Кітап және гүл дүкені, бау-бақшаға арналған заттар дүкені, сұлулық салондары, көлік жүргізуді үйрететін мектептер мен пилоттық мектептер ашылады", - деп хабарлайды басылым.

Реклама
Реклама

Жеке кездесулер мен жиналыстарға қойылатын шектеулер де жеңілдейді: 14 жасқа дейінгі балаларды есептемегенде, екі отбасында бес адамға дейін кездесулерге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, келесі аптадан бастап әр азамат аптасына бір рет коронавирусты анықтайтын сынаманы тапсыруға мүмкіндік алады, барлық шығынды федерал органдар көтереді.

Қаладағы азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да мекеме жабық күйінде қалады.

Бұған дейін Германия үкіметі коронавирус мутациясына байланысты Чехия, Словакия және Аустрияның кейбір аймағымен шекарадағы бақылауды 17 наурызға дейін ұзартты.

Айта кетейік, Германияда коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмікін екенін хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная