Reuters Reuters

Германияда локдаун енгізілді


Германияда коронавируспен күрес мақсатында дүйсенбіден, 2 қарашадан бастап локдаун режимі жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Германия канцлеры Ангела Меркель 28 қазанда карантин режимі енгізілетіні жариялаған болатын. Оның айтуынша, елдің денсаулық сақтау жүйесі әзірше науқастардың өсуімен күресіп жатқанымен, жалпыұлттық карантин жарияланбаса, бірнеше аптадан кейін мүмкіндіктері шегіне жетуі мүмкін.

Елде театр, фитнес-клубтар жабылып, қоғамдық тамақтану орындары жеткізу қызметі бойынша ғана жұмыс істесе, мектептер, бала бақшалар, шаштараздар мен дүкендер жұмысын жалғастырады.  

1 қарашадағы мәлімет бойынша, Германияда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 14,2 мың адам анықталған, 29 адам қайтыс болған. 

Жалпы Германияда пандемия басталғалы науқастар саны 532 930-ға жеткен, 10 481 адам қайтыс болған. 355 мыңнан аса адам аурудан айыққан.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Осыған ұқсас мақалалар

АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Шымбұлақ директоры жаңа маусымда курорт неге қымбаттағанын түсіндірді Шымбұлақ директоры жаңа маусымда курорт неге қымбаттағанын түсіндірді
Тайваньда романтикалық рейстер іске қосылады Тайваньда романтикалық рейстер іске қосылады