Германияда айына 4 200 теңгеге пойыз билеттері сатылады

Алдағы үш ай ішінде Германиядағы тұрғындар мен туристер ел бойынша айына 9 еуроға (шамамен 4 200 теңге) саяхат жасай алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ел билігі электр энергиясының қымбаттауына байланысты өмір сүру құнының өсуіне қарсы күрес аясында осындай шешім қабылдады. Пойыз, автобус және метромен барлық жергілікті және аймақтық тасымалдау үкіметтің бастамасына енгізілгені атап өтілді.

Көлік министрі Фолькер Виссинг айына 9 еуро болатын билеттер ел тұрғындары үшін керемет мүмкіндік екенін айтты. Ол жеті миллион билет сатылғанын атап өтті.

Билетті Deutsche Bahn (DB) веб-сайтында, сондай-ақ қоғамдық көліктің әртүрлі қосымшалары, билет аппараттары мен дүкендерде сатылады. Оларды 1 маусымнан 31 тамызға дейін пайдалануға болады. Осы билеттермен автобустармен, пойыздармен, метромен, трамвайлармен жүруге болады. Айтпақшы, Австриядағы Зальцбург пен Куфштайнға баратын бавариялық пойызға және Нидерланды мен Бельгияға баратын пойыздарға да отыруға болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!