Германияда 17 турист отырған автобус аударылды

Германияның Брандебург жеріндегі А13 федералды тас жолында үлкен апат болды. 17 жолаушы мен екі автобус жүргізушісі зардап шекті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 30 шілдеде болған. Таңертеңгі сағат 10-да автобус Дрезденнен Берлин бағытына қарай бет алған. Қандай да бір себептермен жүргізуші жол жиегіне бұрылады, бірақ ол тым биік болған. Салдарынан көлік автобаннан шығып, бір жағымен құлайды.

Неміс құтқару қызметтері ауқымды құтқару операциясын бастайды. Der Tagesspiegel газетінің хабарлауынша, апат орнына бірден 67 жедел қызмет көлігі және тіпті 6 тікұшақ жіберілген.

Техника мен құтқарушылардың көптеп жиналуына байланысты А13 тас жолы екі бағытта да шамамен 3 сағатқа жабылды.

Адамдар аман қалған. Тек 10 турист жеңіл жарақат, тағы 9 адам ауыр жарақат алды. Жедел жәрдем көліктерімен Берлин ауруханаларына жеткізілді. Туристердің бірі өте ауыр жарақат алды және ауыр жағдайда жатыр. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!