Штутгарт қаласының орталық вокзалы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, 28 қаңтарда шамамен 11:00-де темір жол станциясында адамдар қаруланған ер адамды көрген. Бастапқыда бірнеше адам күдікке ілінген.
Эвакуация дерегі туралы Германия полициясы растады. Онда операция жүргізу үшін пойыздар қозғалысы тоқтаған. Куәгерлердің айтуынша, ғимараттан 150-ге жуық адам шығарылған.
Оқиға орнына антитеррорлық ұйымның офицерлері қарумен және иттермен келген. Полиция үш күдіктіні тексеріп, оларды қамаған. 12:40-та вокзал өз жұмысын қайта бастаған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!