Германия туристерге кіру ережелерін жеңілдетеді

Германия саяхатшылардың елге кіруіне шектеулерді жеңілдетеді. Енді COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылған және оған қарсы вакцина салдырған туристер шекарадан өткен кезде ПТР-тестінен және карантиннен босатылады. Der Spiegel жаңа жеңілдетілген ережелер туралы жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

13 мамырдан бастап Германия үкіметі коронавирус инфекцияcын жұқтырып, аурудан жазылған немесе инфекцияға қарсы вакцина салдырған туристерге елге кірген кезде ПТР-тест тапсырмауға, сондай-ақ екі апталық оқшаулауды сақтамауға мүмкіндік береді.

Ел билігі еуропалық реттеуші мекеме мақұлдаған - BioNTech / Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson & Johnson вакциналарын мойындайды. Ресейлік және қазақстандық препараттар бұл санатқа кірмейді.

Сондай-ақ, 48 сағатқа дейін антиденелер сынағын тапсырған немесе 72 сағатқа дейін ПТР-тесті бар туристер карантиннен босатылады. Тек қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген саяхатшылар оқшаулануы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!