Германия астанасында заманауи шоу өтіп жатыр

© pixabay.com/adege

Берлиннің басты тарихи орындары мен сәулет нысандары көздің жауын алатындай әсем күйге енді. Өйткені қазір шаһарда дәстүрлі жарық фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлер қаладағы қамалдар мен үкімет үйлерінің қасбетін шаммен безендіріп, 3Д картиналармен көмкерген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Берлиннің басты тарихи орындары мен сәулет нысандары көздің жауын алатындай әсем күйге енді. Өйткені қазір шаһарда дәстүрлі жарық фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлер қаладағы қамалдар мен үкімет үйлерінің қасбетін шаммен безендіріп, 3Д картиналармен көмкерген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Бұл күндері Берлин адам танымастай өзгерді. Әдетте сұрғылт болып тұратын ғимараттардың қабырғасы жарқырап, жайнап шыға келген. Шарлоттенбург қамалы, Берлин мұнарасы сынды көрнекі орындардың бәрінен 3Д картиналарын көруге болады.

"Маған Гумбольдт университетінің жанындағы инсталляция қатты ұнады. Бұдан басқа дизайнерлер бүкіл алаңды безендіріп тастаған. Қай жерге қарасаң да жарқырап тұр. Жалпы бұл фестивальді жылда арнайы келіп көремін. Туристер саны да көбейіп келеді", - дейді жергілікті тұрғын Кристофер.

Реклама
Реклама

Бранденбург қақпасының маңында да ерекше мүсіндер пайда болды. Онда француз, болгар, жапон және украиналық шеберлердің туындылары қойылған.

"Берлинде жарық фестивалін өткізу - ғаламат идея. Біз қаланың 4 көрнекі орнындағы шоуларға көзайым болдық. Әсіресе Бранденбург қақпасындағы мүсіндер қатты ұнады. Керемет. Бұйырса, келесі жылы да келмекпіз", - дейді ол.

Жалпы шаһарда 42 жерде 85 шоу өтіп жатыр. "Жарық фестивалі адамдарға керемет көңіл күй сыйлап қана қоймай, энергияны үнемдеуге де көмектеседі", - дейді ұйымдастырушылар. Өйткені мұнда тек диодті шамдар ғана қолданылады. Тартымды іс-шара 10 күнге созылмақ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная