Гавайда табиғи өрт салдарынан курортты қала күлге айналды

© The Maui News/Matthew Thayer

Гавайда табиғи өрт салдарынан 30-дан аса адам қаза тапты, ондаған адам ауыр халде жатыр. Көптеген елді мекендер мен туристер арасында танымал Лахайна қаласы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Hawaii News Now басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гавайда табиғи өрт салдарынан 30-дан аса адам қаза тапты, ондаған адам ауыр халде жатыр. Көптеген елді мекендер мен туристер арасында танымал Лахайна қаласы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Hawaii News Now басылымына сілтеме жасап.

"Мауи округы билігінің мәліметінше, өрт салдарынан 36 адам қайтыс болғаны белгілі болды, қалалар толығымен өртеніп кетті, оның ішінде тарихи Лахайна қаласы да бар", - делінген басылым жариялаған материалда.

Мауи және Үлкен аралдарындағы өрт ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты, артынша "Дора" дауылының әсерінен соққан қатты желден күшейе түскен. Кейбір аймақтардағы өрт 400 гектарға дейін барған. Кей аймақтарда тұрғын үйлер түгелдей жанып кеткен. Билік өкілдері жолдарды жабуға мәжбүр болды, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Жүздеген жергілікті тұрғындар эвакуацияланды.

Реклама
Реклама

Джо Байден Гавайдағы барлық федералдық құрылымдарға, оның ішінде әскерилерге өртке қарсы әрекет етуге бұйрық берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная