Гавай аралдарындағы Оаху жағалауында 11 жасар қызға акула шабуыл жасап, аяғын тістеп алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Honolulu star-Advertiser басылымына сілтеме жасап.
"Сенбі күні түстен кейін Каава маңындағы жағажайда акула 11 жасар қызға тап беріп, аяғынан тістеп алған. Дегенмен қызды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болмады", - деп хабарлайды елді мекеннің Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Оқиға орнына келген дәрігерлердің сөзінше, баланың ата-анасы оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан.
Куәгерлер акуланың шамамен бір метр, яғни кішкентай болғанын айтқан.
Осы оқиғадан кейін құтқару қызметі аумақта ескерту белгілерін орнатты.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!