Гавай аралдары вакцина алған туристерді қабылдайды

Гавай аралдары толық вакцина алған туристер үшін ашылуға дайын. Бұл туралы штат губернаторы Дэвид Ике мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тravel and Leisure сайтына сілтеме жасап.

"1 қарашадан бастап біз вакцина алған туристерді Тынық мұхитынан тыс жерлерде және аралдар арасында саяхаттауға немесе демалуға шақырамыз", - деді Гавай губернаторы Дэвид Иге.

Реклама
Реклама

Губернатор Twitter желісіндегі парақшасында аралдардағы аурудың жағдайы жақсарып келе жатқанын және бұл экономикалық қалпына келтіруге алға жылжуға мүмкіндік беретінін айтты.

Бұл шешім Америка Құрама Штаттары 8 қарашада вакцина алған шетелдік туристер үшін ашылуға дайындалып жатқандықтан қабылданды.

"Біз федералды үкіметтен туристер үшін ашылу жоспарлары мен шарттары туралы толығырақ ақпарат күтеміз және 8 қарашаға дейін бізде тиісті жоспар болады", - деп толықтырды Иге.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы 2020 жылғы 2 желтоқсанда барлық стандартты визалық қызметті қайта бастады. Басқаша айтқанда, міне, он ай бойы қазақстандықтардың АҚШ-қа бару мүмкіндігі бар.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!