Ғарышқа саяхаттың бағасы қанша?

5 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз МС-19" кемесінің экипажы құрамында ресейлік актриса Юлия Пересильд пен кинорежиссер Клим Шипенконың Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы ғарышты "туристік" игерудің кезекті кезеңі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru сайтына сілтеме жасап.

Экспедицияның мақсаты - тарихта алғаш рет ғарыш станциясының бортында көркем фильм түсіру, бірақ бұл да - "іскерлік туризмнің" бір түрі.

Роскосмос әзірге коммерциялық рейстерді ұсынбайды. Сондай-ақ, ғарышқа саяхаттың бағасы немесе уақыты туралы корпорация сайтында ешқандай ақпарат жоқ. 

Бірақ 2019 жылы Роскосмос ғарышкерлер тобына іріктеу байқауын жариялаған болатын. Нәтижесінде 4 адам іріктелді. Олар осы жылдың қаңтарында Роскосмос ғарышкерлер жасағының сынаушы-ғарышкерлеріне үміткер болды. Рас, бұл олардың Жерге жақын кеңістікке баруына кепілдік бермейді. Бірақ егер олар ұшса, онда толығымен тегін болады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!