Ғарышқа сапар шеккен турист ұшақ апатынан қайтыс болды


Blue Origin-мен ұшқан ғарыштық турист Глен де Врайс ұшақ апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

CNN Нью-Джерси полициясына сілтеме жасап ұшақ апаты бейсенбіде Нью-Йорктен 65 шақырым жерде Хэмптон ауданында болғанын хабарлады. Cessna 172 жеңіл моторлы ұшағы әзірге белгісіз себептермен орман жолағына құлаған. Көліктегі қауіпсіздік басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ұшақ кабинасында 49 жастағы Глен де Врайспен бірге авиация нұсқаушысы және Fischer Aviation компаниясының басшысы 54 жастағы Томас Фишер болған. Врайс 2016 жылдан бастап бұл компанияда ұшу шеберлігінен сабақ алған. БАҚ мәліметінше, Фишер де қайтыс болған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды