Гарри Поттердің жанкүйерлері үшін ең жақсы қонақүйлер анықталды

Үйді брондау сайттарында Гарри Поттер әлемінің стилінде безендірілген коттедждерді жалға алуға болады. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ең танымалдардың бірі - Ирландиядағы Эннискортиде орналасқан Spellcast үйі. Төрт адамға арналған жатын бөлме - Гриффиндор жатақханасының көшірмесі. Мұнда тіпті құпия есік бар, оның артында пароль қажет "құпия" бөлме тұр.

Алайда, бұл Гарри Поттердің жанкүйерлеріне ұнайтын жалғыз орын емес. Ливертонда, Солтүстік Йорк-Мурс ұлттық паркінің шетінде, Гриффиндор стилінде безендірілген жатақханада тұруға болады. Бұл жерде кереуеттер және әйгілі су перісі түріндегі витраждары бар жуыну бөлмесі бар. Бағасы - бір түн үшін 50 фунт (шамамен 30 мың теңге).

Суффолк округіндегі Лавенхемде Гарридің балалық шағы өткен үй стилінде безендірілген қонақүй бар. Мұнда тұру қымбаттау - күніне 180 фунт (миллион теңгеден асады).

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!