Ғалымдар әлемді дүрліктірген ұлыбританиялық вирустың қаупін бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Die Welt неміс газеті Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы туралы сарапшыларың пікірін жинады, - деп хабарлайды ИноСМИ.


Иконка комментария блок соц сети

Die Welt неміс газеті Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы туралы сарапшыларың пікірін жинады, - деп хабарлайды ИноСМИ.

Өткен аптаның соңында ұлыбританиялық үкімет шұғыл кеңес өткізіп, коронавирустың мутацияланған түрі "әдеттегіден 70 пайызға тез жұғатынын" және "жағдай бақылаудан шыққанын" мәлімдеген. 

Алайда мамандар жағдайды бағалауда ұстамды болып отыр. Вирусолог Александр Кекуле MDR Aktuell-ге берген сұхбатында Ұлыбританияда анықталған вирустың мутациясы тез жұғатынын дәлелдейтін белгілерді атады:

"Мысалы Лондонда науқастардың жартысы вирустың жаңа түрін жұқтырып келген", - дейді ол.  

"Жағдайды ушықтырған мутация". Ұлыбританияда тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі?

Ал ұлыбританиялық сарапшылар тобы вирустың бұл түрі "антигендер бойынша басқа вирустардан ерекше" екенін айтады.  

Базель университетінің Биология орталығының профессоры Рихард Нейер Die Zeit газетіне берген сұхбатында "үрейленуге еш негіз жоғын" айтады. Зерттелген вакциналар тиімділігін жоғалтпайды, себебі вакцина расында тиімсіз болып қалуы үшін мутацияның бірнеше түрі қажет екен. 

"Адамның иммун жүйесі спайк-ақуыздарды ажыратып, оны жойып жібере алады", - дейді сарапшы. 

Сиетлдегі Онкологиялық зерттеу орталығының биологы Джесси Блум қорқудың қажеті жоғын айтады. 

"Сұмдық мутация пайда болып, ол иммунитетіміз бен антиденелерді өлтіріп жібереді деп еш уайымдаудың қажеті жоқ", - дейді ол The New York Times газетіне берген сұхбатында. 

Калифорниядағы Скриппс ғылыми-зерттеу институтының жұқпалы аурулар бойынша директоры Кристиан Андерсен керісінше ұстамды болуға шақырады.

"Мен иммунитетке, вакцинаға әсер етпейді немесе клиникалық белгілері жоқ деген көптеген мақаламен таныстым. Бұл дұрыс емес. Біз бұл туралы әлі білмейміз. Бірақ келесі аптада бәрі белгілі болады", - дейді ғалым.

Еуропалық молекулалық биология зертханасының бас директорының орынбасары Эван Бирни бүгінде вирустың жаңа түрінің белгілеріндегі елеулі айырмашылықтарын жоққа шығарады.

"Егер вирустың жаңа түрі ауру ағымына қатты әсер етсе, біз оны байқар едік", - деді Бирни The Guardian газетіне.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Майкл Райанның сөзінше, ұйымда коронавирустың жаңа мутациясы ауру ағымын күрделендіретіні туралы дәлелдер жоқ.

SARS-CoV-2 вирусының мутациялануына байланысты 25 ел, оның ішінде, Ресей де Ұлыбританиямен әуеқатынасын тоқтатты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная