Француздық Distance спорттық тауарлар дүкені тұтынушыларға өз заттарын ұрлауға рұқсат берді. Алайда бір шарты бар - ұрлық тек белгіленген жерлерден жасалу керек және күзетшіден қашып кету міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алайда бұл оңай шаруа емес - өйткені күзетші қызметін танымал спринтер Микаэля Зезе атқарады.
Тауарларды Rob It to Get It ("мұны алу үшін, ұрла") деп жазылған жерден алу қажет.
Әзірге тек бір ғана әдіс жарамды: спортшының біреудің соңынан қуалаған сәтін бақылап отырып, лезде заттарды алып кету қажет.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!