Француздық багет ЮНЕСКО тізіміне енді

© pixabay.com

Француздық багет ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ұйымның әлеуметтік желідегі аккаунтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Француздық багет ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ұйымның әлеуметтік желідегі аккаунтына сілтеме жасап.

"Материалдық емес мәдени мұраның тізімінде жаңа жол - багетті дайындаудың шеберлігі мен мәдениеті", - делінген ЮНЕСКО-ның Twitter желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Негізі багетті Францияның формалды емес символы деп атауға да болады. Наубайшылар мен кондитерлер конфедерациясы мәліметіне сәйкес, бұл елде күн сайын 12 миллион бөлке сатылады екен. Елде үздік багет байқауы да өткізіліп тұрады. Онда жеңіске жеткен наубайшы Франция президенті резиденциясын (Елисей сарайы) бір жыл бойы багетпен қамтамасыз етіп отырады.

2021 жылы француздық багет ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне ену үшін өтінім жіберілетіні айтылған. Биыл Франция бірнеше кандидатты қарастырған, оның ішінде: париждік шатырлар және Арбуа және Бургунди коммуннасында шарап жасау мерекесі. Алайда багет жеңіске жеткен.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная