Францияның Гавр портында моторлы қайықтан өрт шығып, артынша айлақта тұрған катерлер өртенген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sud Ouest басылымына сілтеме жасап.
Өрт тоғызметрлік моторлы қайықтан шыққан. Оның иесі жағармай құйып, төрт туристі теңізде серуендетуге алып шықпақ болып, кілтті қосқанда өрт шыққан. Өрт лаулаған кезде жолаушылар мен иесі кемеден қашып үлгерген, алайда өрт жанында тұрған катерлерге көшкен.
Өрт сөндірушілердің мәліметінше, жеті катер толықтай өртеніп кеткен немесе әжептәуір зардап шеккен.
Өрт салдарынан айтарлықтай ешкім зардап шеккен жоқ, алайда түтінген уланған 17 адам медициналық көмекке жүгінген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!