Париждік Лувр ереуілдерге байланысты 27 наурызда ашылмады. Бұл туралы музейдің ресми өкілдері әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Лувр қызметкерлері Париждің барлық тұрғындары секілді зейнет жасын көтеруге қарсы ереуілге шыққан.
Осыған дейін Ұлыбритания королі Карл III Эммануэль Макронның өтініші бойынша Францияға сапарынан ереуілдерге байланысты бас тартты.
Францияда қоқыс жинаушылар ереуілі жалғасып жатыр
Ұлыбританиялық монархтың сапары 26-29 наурызда жоспарланған еді.
Резонансты реформаға сәйкес зейнет жасы 62-ден 64-ке көтеріледі. Франция премьері Элизабет Борн зейнет жасы реформасының парламентте дауыс берусіз қабылданғанын жариялады, алайда енді ол басқарған үкіметке сенімсіздік вотумы жариялануы мүмкін.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!