Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады

Францияның оңтүстік-шығысында, Лез-Адре коммунасында туристік ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан бес адам қайтыс болды. Бұл туралы Le Dauphine Libere жазады.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Jodel D140 әуекемесі 21 мамырда Гренобльдің жанындағы Версуд аэродромынан ұшып кетті. Бортта ұшқыштан басқа төрт адам болған. Құтқарушылар жолаушылар мен ұшу аппараты командирінің мәйітін ұшақ апатының салдарынан толық жанып кеткенін анықтады.

Фото: Le DL/ Benoit Bouy

Оқиға куәгерлері ұшақтың сол жерден үлкен түтін бағанасы көтерілгенге дейін ағаштардың артында жоғалып кеткенін көргенін айтты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!