Францияда туристік орындар ашыла бастады

Фото: pixabay

Францияның әлемге әйгілі көрікті жерлерінің көп бөлігі 19 мамырдан бастап туристер үшін қайта ашылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourprom басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияның әлемге әйгілі көрікті жерлерінің көп бөлігі 19 мамырдан бастап туристер үшін қайта ашылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourprom басылымына сілтеме жасап.

Франция үкіметі шектеулерді алып тастаудың төрт сатылы процесін қолға алған соң, соның ішінде мәдени нысандарға жұмыс істеуге рұқсат бергеннен кейін көптеген музей келушілерді қабылдаудың басталу күндерін жариялады.

Реклама
Реклама

Осылайша, Лувр мен Орсе музейі 19 мамырда ашылды. Олар бір шаршы метрге келушілер санына қатысты қатаң ережелерді сақтайды және тек алдын ала брондалған билетпен кіруге болады.

Париж дәмханалары 19 мамырдан бастап қонақтарды қайта ашық алаңдарын қабылдады, ал 9 маусымнан бастап жабық залдар жұмыс істейді. Алайда бір үстелге алты адамнан артық отыруға болмайды.

Париж Диснейленді 17 маусымда жұмысын қайта бастайтынын жариялады. Алты жастан асқан барлық қонаққа бетперде кию керек, сонымен қатар адамдар көп жиналмауы үшін қосымша ережелер қарастырылған. Тек алдын ала тапсырыс берілген билетпен кіруге болады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная