Францияда орман өртінен 27-ден аса адам зардап шекті

Франциядағы орман өрттерінің салдарынан 1 адам қайтыс болды. Марқұмның денесі Гримо қаласының маңында табылды. Оның кім екені әлі анықталған жоқ. 27-ден аса адам түтіннен уланып, аздап жарақат алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің ішінде кемінде 7 өрт сөндіруші бар, қалғаны жергілікті тұрғындар мен туристер. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

7 мыңнан аса азамат үйінен эвакуацияланып, уақытша тұру орындарына орналастырылды. Олардың арасында әртүрлі елден келген демалушылар бар.

Бүгінде өрт аймағына 1,1 мыңнан аса өрт сөндіруші мен өрт сөндіруге арналған көптеген техника, соның ішінде су мен құмды төгуге арналған тікұшақтар мен ұшақтар жіберілді.

Еске салайық, Франция аумағында орман өрттері дүйсенбіде басталды. Алғашқы өрт ошақтары Сент-Тропес курортынан 40 км қашықтықта табылды. Небәрі 2 күнде өрт 7 000 гектардан аса жерге жайылды.

Оқиға орнына жақын теңіз жағалауындағы бекіністе демалып жатқан президент Эммануэль Макрон өрт ошағына келіп, өрт сөндірушілерге апатпен күрескені үшін алғыс білдірді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!