Францияда мейрамханада қонақтар смартфонсыз отырады

Көрнекі сурет ©Shutterstock

Францияның Альби қаласындағы мейрамханада қонақтардың 90 пайызы смартфонсыз тамақ ішеді. Мейрамхана қызметкерлері осылай дейді. Қонақтарды телефонға қол тигізбеуге және бір-бірімен көбірек сөйлесуге не итермелейтінін "Европульс" басылымы жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияның Альби қаласындағы мейрамханада қонақтардың 90 пайызы смартфонсыз тамақ ішеді. Мейрамхана қызметкерлері осылай дейді. Қонақтарды телефонға қол тигізбеуге және бір-бірімен көбірек сөйлесуге не итермелейтінін "Европульс" басылымы жазды.

Мейрамхана иелері өте қарапайым, бірақ тиімді қадам жасады - олар телефонсыз тамақ ішкен қонақтарға тегін сусын құйып, ынталандырып бастады. Қонақтарға тегін кофе немесе ас қорыту үшін сусындар ұсынылады.

Алайда, келуші телефонын арнайы себетке салып, оған қол тигізбеуі керек. Суретке түсіру үшін де, әлеуметтік желілер үшін де, тіпті қонаққа қоңырау шалса да телефонын алмайды. Мұны мейрамхана қызметкерлері қадағалайды. Олардың айтуынша, қонақтардың 90 пайызы осындай қызметті пайдаланады.

Реклама
Реклама

Мейрамхана бұл бастаманы қаңтардың басында бастады. Осылайша, мекеме иелері қонақтарға бір-бірімен көбірек сөйлесуге көмектескісі келеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная